RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шымкенттік бойжеткеннің анасы қызы бірнеше ер адамнан зорлық көргенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал
Жәбірленуші мен агрессор. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 22 жастағы бойжеткеннің анасы қызын бірнеше ер адам зорлағанын айтып мәлімдеме жасады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Аlmaty.tv телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, жаға ұстатарлық жағдай 21 наурызда болған. 22 жастағы қыздың анасы үш ер адам студент қызын көлікке күштеп отырғызып, қаланың шетіне апарып зорлағанын мәлімдеді. Айтуынша, күдіктілер 8 айдан бері бойжеткенді қорқытып, қорлап келген көрінеді. Анасы үйде ешкім жоқ кезде, баса-көктеп кіріп, айуандыққа барған кездері де болған деп отыр.

"Үйдің ауласында өздерінің жаман қылықтарын істеген. Екіншісі оны видеоға түсіріп алған. Сөйтіп сол видеомен қызды қорқыта бастаған. Бөлімшеге келгеннен кейін ешқандай жедел жұмыс істелмеген. Қыз отыра берген. Арыз жазам десе де жаздырмаған. Үйде бұл қызымнан кейін тағы 2 қызым бар бұдан кейін. Олар далаға шығуға қорқып қалған", - дейді қыздың анасы.

Жәбірленуші тарап полицияның дер кезінде әрекет етпегеніне ашулы.

"ҚР ҚК 120 бабымен ешқандай іс қозғалмағанын білдік. Содан кейін прокуратураға шағымдандық. Өтініш хаттарды жолдадық", - дейді адвокат Гулайхан Тұрсуманова.

"Қазіргі таңда полиция "зорлау"бабымен қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген құқық қорғау органы хабарламасында. Ал жәбірленуші тарап "қызымды қорлағандар заң жүзінде жазалансын" деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233301-shymkenttik-boizhetkenning-anasy-qyzy-birneshe-er-adamnan-zorlyq-korgenin-malimdedi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif