Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр жауады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 5 сәуір күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн аздап бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 22 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233332-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-zhangbyr-zhauady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде