jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкентте жылу беру маусымы аяқталатын күн белгілі болды

Жылу беру маусымы
Жылу беру маусымы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте ауа температурасы +22 градусқа көтерілді. Күннің жылынуына байланысты Шымкентте жылу беру маусымы 7 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды Kazinform.

"Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес көктем мезгілінің басталуына және күннің жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталатынын хабарлаймыз. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасады.

Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз", - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шымкентте жылу беру маусымы аяқталатын күн белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.