Зектілері

Астанаға алғашқы LRT вагондары қашан жеткізіледі

Жарияланған күні:

Читать на русском
LRT тіреуіштері
LRT тіреуіштері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана әкімдігі ресми Instagram парақшасында жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы аясында жылжымалы құрам өндірісі жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жоспарланған 19 вагонның алтауы құрастыру сатысында.

Оның ішінде екі вагонға бояу жұмыстары, терезелер мен есіктерді орнату, ішкі әрлеу, еден мен шатырды жабдықтау, ауа баптау жүйесі, жарықтандыру, мультимедиа және мониторлар орнату сияқты негізгі жұмыстар аяқталды. Келесі кезең – доңғалақ жұптары, аспа жүйесі мен жүріс бөлігіне монтаж жасау.

Тағы төрт вагонның кузов элементтері құрастырылып жатыр.

Өндірістік үдеріс халықаралық стандарттарға сай жүргізілуде және техникалық бақылаудан өтуде.

LRT пойыздары жүргізушісіз болады және GOA 4 деңгейіндегі автоматтандыру жүйесімен жабдықталады. Бұл жүйеге пойыз қозғалысын автоматты басқару, техникалық жағдайды бақылау және пойыздар арасындағы қашықтықты сақтап, соқтығысудың алдын алу функциялары кіреді.

Алғашқы вагондар Астанаға қыркүйек айында жеткізіледі. Одан кейін сынақтан өткізу жұмыстары басталады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233395-astanaga-algashqy-lrt-vagondary-qashan-zhetkiziledi/