jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Еріген қар суы: Ақмола облысындағы автожолда көлік қозғалысы шектелді

Еріген қар суы. Көрнекі сурет
Еріген қар суы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында қардың еруі салдарынан "Көкшетау-Атбасар" автожолының бір бөлігін су басып, жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтожол"-дың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарламасына сай, бүгін аталған автожолдың бір бөлігін еріген қар суы алып кеткен. Соған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған.

"2025 жылғы 6 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында "Көкшетау-Атбасар" автожолының 103-184 шақырым аралығында (Балкашино ауылы- Атбасар қаласы) қар еру салдарынан жол бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Еріген қар суы: Ақмола облысындағы автожолда көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.