jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қаржылай көмек қажет": журналист Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдыққанын айтты

Нұрлан Сегізбаев пен журналист Жанар Қанафина
Нұрлан Сегізбаев пен журналист Жанар Қанафина. Фото: instagram.com/kanafina

Отандық журналист Жанар Қанафина белгілі актер, әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың дертке шалдыққанын және оның халі мүшкіл екенін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Балалық шағымыздың кейіпкері "Менің атым Қожадағы" Қожа, яғни оның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдықты. 4-дәрежелі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. Оның сөзінше, дәрігерлер жарты жыл өмірі қалды депті.

Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қатты қажет. Емі мен жұмыстарын аяқтау үшін. Ол журфакта сабақ берген. Бірақ қазір ауруы себепті жұмыс істемейді. Жалпы 75 жасында тыныс алу аппаратына тәулігіне 14 сағат бойы тәуелді онда қандай жұмыс болсын?! Дертіне қарамастан Нұрлан аға маған Нұрғиса Тілендиев туралы сұқбат берді", - деп жазды ол.

"Қаржылай көмек қажет": журналист Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдыққанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.