Еліміздің бір қаласында жылу беру маусымы аяқталды
Жарияланған күні:

Көктем мезгілінің басталуына және күннің жылынуына байланысты 7 сәуірде Шымкентте жылыту маусымы аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент әкімдігі өкілдері мегаполис әкімінің өкіміне сәйкес көктем мезгілінің басталуына және күн райының жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталатынын хабарлады.
Әкімдіктегілер көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру бағытында тұрғындардың өтініші бойынша тиісті жұмыстар жалғасатынын айтады.
"Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе "Қуатжылуорталық-3" диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік. Апта соңында қалада синоптиктер болжамы бойынша ауа температурасы 31°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233646-elimizding-bir-qalasynda-zhylu-beru-mausymy-aiaqtaldy/