jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыдағы дауыл салдары: үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады (видео)

Шатыры ұшқан үй
Шатыры ұшқан үй. Кадр видео: t.me/youralmaty/91

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде қаладағы қатты дауылдың салдарын көрсетіп, видеоларды жарыса жариялап жатыр. Мәселен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, қарт адамның үстіне метал конструкция құлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған видеолардың бірі Таугүл шағын ауданында түсірілген. Кей деректер бойынша төтенше жағдай №53 үйде болған. Кадрлардан қатты жел көппәтерлі бесқабатты үйдің шатыры ұшырып әкеткенін көруге болады.

Одан бөлек Жетісу-4 ықшамауданында да үйдің шатыры ұшып кеткені туралы видеолар жарияланып жатыр. Мәселен "Твой Алматы" Telegram-арнасында көпқабатты үй шатырсыз қалғанын көруге болады.

"Қарсы беттегі үйдің шатырын жел ұшырып әкетті. Ол әне бір ғимараттың үстінде жатыр. Осындай жағдайлар болып жатыр бізде", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Одан бөлек қарт адамның үстіне желден металл конструкция құлаған. Оқиға видеосын куәгерлер жария етті. Видеода зардап шеккен қарт кісіге көшедегі жүргіншілер көмекке келгені бейнеленген.

"Мына бір зат ұшып барып, атаның үстіне құлады. Ол байғұс құлап түсті", - дейді видео авторы.

NUR.KZ тілшісі ер адамның жағдайын білу үшін Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына және қала ТЖД-ға сұрау салды.

Алматыдағы дауыл салдары: үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.