jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандық бойжеткенмен кездесу үшін Оралға ұшып келген Италия азаматына полицейлер көмек көрсетті

Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралда патрульдік полиция қызметкерлері Қазақстанға бойжеткенмен жүздесу үшін ұшып келген шетелдікке көмек көрсетті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қаланы аралап жүрген полиция қызметкерлері Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов орындықта отырған ер адамды байқайды. Олар ер адамға жақындап, "көмек қажет пе" деп сұрайды.

64 жастағы Аджигирию Грацио оларға интернет арқылы танысқан бойжеткенмен жүздесу үшін келгенін айтады. Бойжеткен оны әуежайдан күтіп аламын деп уәде етіп, сол беті келмеген екен.

"Полиция қызметкерлері оның мәселесіне назар аударып, көмегін ұсынды. Ер адам оларға қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, бірнеше күннен кейін Италияға оралатынын айтты", - делінген материалда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.