Зектілері

Алматыда шаңды дауыл кезінде қонған ұшаққа желі қолданушылары тәнті болды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
ұшақ
Дауыл кезінде қонған ұшақ. Видеодан кадр: tiktok.com/@serzhanaidana

Әлеуметтік желіде Алматыда болған шаңды дауыл кезінде ұшақтың қонған сәті түсірілген видео жарияланды. Желі қолданушылары ауа райының қолайсыздығына қарамастан әуе кемесін қондырған ұшқыштың кәсібилігіне тәнті болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған бейнежазбаны демалыс күндері TikTok желісінде mutriba.tj есімімен тіркелген қолданушы жариялады. Автордың айтуынша, кадрлар Душанбе-Алматы рейсінің бортында түсірілген. Видеода ұшақтың қатты желге қарамастан қонғанын көруге болады. Кей жолаушылар отырғызу кезінде дұға еткен. Видеоға пікір қалдырғандар ұшқыштың кәсібилігіне тәнті болған.

"Жарайсың, осындай дауылда ұшақты қондырып, қанша адамды құтқарды", "Мен осы рейсте болдым, қорқынышты болды. Ұшқыш керемет", "Жарайсың! Денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз! Мұндай жағдайда ұшақты қондыру - қиын жұмыс", "Мен бұл ұшақты жерден көрдім, әуежайдың жанында жұмыс істеймін. Ұшақтар шынымен де тербелді", - деп жазды желі қолданушылары.

Дауыл кезінде қонған ұшақ түсірілген тағы бір видео TikTok желісіндегі serzhanaidana аккаунтында жарияланды. Кадрларда қатты жел кезінде ұшақтың қонуға бара жатқанын байқалады.

Айта кетейік, 5 сәуір, сенбіде түс ауа Алматыда қатты жел соқты – желі қолданушылары алай-дүлей дауылды видеоға түсіріп алған. Сол күні жел күшейіп, бұлттардың жиналуынан қалада түс мезгілі болса да, кеш батып кеткендей қараңғы түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234084-almatyda-shangdy-dauyl-kezinde-qongan-ushaqqa-zheli-qoldanushylary-tanti-boldy/