Зектілері

Шетел азаматы Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақтың салонында дәрет сындырды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей
Полицей. Көрнекі сурет: Polisia.kz

Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақта Ресей азаматы масаң күйде болып, отырған жерінде кіші дәрет сындырған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ІІМ-нің Polisia.kz ведомстволық сайтында хабарланғандай, Пхукет-Алматы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортындағы қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны акт бойынша түсіріп, ұстады.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 42 жастағы азаматын анықтады. Ол масаң күйде болып, салондағы өз орнында кіші дәрет сындырған.

Құқық бұзушы Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бірден екі бабы, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

Айта кетсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 21 441 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1648, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 163 факті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234225-shetel-azamaty-phuket-almaty-bagytyndagy-ushaqtyng-salonynda-daret-syndyrdy/