jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда күзетшіні өлтірген ер адам 22 жылға сотталды

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Элиталық тұрғын үй кешенінде күзетшіні аяусыз соққыға жығып, өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның жазкынша, сот Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Күдікті сондай-ақ бұрынғы серіктесінің интимдік бейнелерін таратқаны анықталды.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімінің 5-тармағы және 147-бабының 5-бөлімі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 99-баптың 2-бөлімінің 5-тармағы бойынша 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, 147-баптың 5-бөлімі бойынша 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындасын. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша, жазаларды ішінара қосу арқылы, түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындасын",- деді сот.

Қаза тапқан күзетші Нұрбол Қайыпбаев үш баланың әкесі болған. Үлкен қызы – 15 жаста, кенже ұлы – 6-да.

Алматыда күзетшіні өлтірген ер адам 22 жылға сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.