jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Электр самокатпен үйінен шығып кеткен": Абай облысында 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр (фото)

жасөспірім
Жасөспірім. Иллюстрациялық фото: cristinairanzo/Getty Images

Абай облысының полицейлері 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 10 сәуірге қараған түні Маканчи ауылының тұрғыны Маканчи аудандық полиция бөліміне жүгініп, 2011 жылы туған ұлы Қайсар Қайратұлының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Әкесінің айтуынша, ұлы 9 сәуірде сағат 14:30 шамасында жасыл түсті электр самокатпен үйінен шығып, еркін күрес секциясына қатысу үшін спорт модульге бет алған. Сол уақыттан бері қайда жүргені белгісіз.

Жасөспірімді іздестіру жұмыстары бірден басталып, Маканчи аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған, іздеу топтары құрылған. Іздеу жұмыстарына мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен әкімдік өкілдері де қатысып жатыр.

Полиция қызметкерлері Қайсар Қайратұлының жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

"Электр самокатпен үйінен шығып кеткен": Абай облысында 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.