Зектілері

HONOR Magic 7 Pro: көбірек көретін AI камерасы бар смартфон

Жарияланған күні:

HONOR Magic 7
Фото: NUR.KZ / Назгуль Адамалиева

Біз HONOR Magic 7 Pro-мен бірнеше күн өткіздік және бұл шынымен де бірден көп нәрсені қалайтындар үшін әмбебап смартфон екеніне көз жеткіздік. Оның не үшін бағалы екенін түсіндірейік.

Флагман бұл мінсіз камера, мықты процессор, әдемі экран және мейлінше көп мүмкіндік. Бірақ көп жағдайда мұның бәрі жақсы ноутбуктың құнымен бірдей болады. HONOR Magic 7 Pro бұл мәселені шешеді: ол ең қымбат үлгілерден күтетін мүмкіндіктердің бәрін ұсынады әсіресе камерасы мен AI мүмкіндіктері таң қалдырады.

Анық әрі ақылды түсіретін камера

HONOR Magic 7
Фото: NUR.KZ

Ең алдымен көзге түсетіні бұл камерасы. Бұл жай сән үшін тұрған үш модуль емес. Бұл AI көмегімен әрекет ететін үш мықты ойыншыдан тұратын команда деуге болады.

Басты жұлдыз бұл сенсоры 1/1.4" тең, 3x оптикалық зумы және 100x дейінгі цифрлық зумы бар 200 Мп телефотокамера. Бірақ бұл жай кроп емес, AI-суперзум нысанды танып, суретті бөлшектерін жоғалтпай аяқтайды. 50-100 есе жақындатылған фотосуреттер айрықша шынайы көрінеді.

Негізгі модуль f/1.4-f/2.0 ауыспалы диафрагмасы бар 50 Мп-дік модуль жарыққа бейімделеді. Ал 50 Мп-дік "ультраширик" 2,5 см қашықтықтан кең және тіпті макросуреттерге түсіре алады.

Harcourt портреттік режимі классикалық фотостудиядан шабыттанып жасалған. Жарық көлеңкесі, тереңдігі, атмосферасы винтаждық суреттен аумайды. Ал "AI-мен портретті жақсарту" қызметі 3 есе жақындатқанның өзінде кірпіктерге дейін анық көрсетеді.

"Сахна" режимі алыс қашықтықтағы және күрделі жарық берілетін концерттер мен фестивальдерді түсіру үшін таптырмас құрал. Тексердік жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қозғалысты ұстап қалу режимі бар: мейлі ол сноубордпен секіру, бұрылу сәті немесе жай күлімдеген кез болсын, AI түсіріп алатын сәтті өзі анықтайды. Ол үшін HD Super Burst қызметін қосып, жоғары дәлдікпен түсірілген қатарынан 30 кадр аласың. Содан кейін осылардың ішіндегі ең жақсы кадрды таңдап аласың.

Ұзақ уақыт қарап отыра бергің келетін экран

HONOR Magic 7
Фото: NUR.KZ

Смартфондардың көпшілігі жарқын экранымен мақтана алады. Бірақ көзге ыңғайлы экранмен мақтана алатындары бірен-саран.

HONOR Magic 7 Pro үлгісінде төрт бүйірі микрожұмырланған 6,78 дюймдік LTPO AMOLED әйнек орнатылған. Осының арқасында экранның пайдалы алаңы көбейіп, жарық дақтары азаяды.

Ең жоғары жарықтығы 5000 нит. Тіпті күннің астында да көрінеді. Түстер қанық, көрініс тегіс. Бірақ ең бастысы көру қабілетін қорғау технологиясын атап өту керек: Natural Light, AI-дефокус, циркадтық режим, дөңгелек поляризация.

Сен смартфонды әдеттегідей пайдаланасың, ал көзің тез шаршамайтын болады. Сериалдар мен TikTok арқылы тексерілді.

MagicOS 9.0: смартфон шын мәнінде көмектеседі

MagicOS 9.0 бұл жай жаңартылған интерфейс емес. Бұл көптеген пайдалы нәрсені өздігінен жасап отыратын цифрлық ассистент.

Magic Portal енді Google шеңберімен біріктірілген: сурет бойынша іздейді, мәтінді бөліп көрсетеді, қолданбалар арасында фотосуреттер мен мекенжайларды тасымалдайды. Тіпті Telegram, Яндекс Карталармен және 2ГИС жұмыс істейді.

AI-аударма синхронды, мәтіндік және дауыстық аударма жасайды. Чат режимінде және тікелей сөйлесіп тұрған кезде аудара алады.

AI жазбалары дауысты мәтінге айналдырады, сөйлеуді спикерлерге бөледі, қысқаша баяндама жасайды, кездесуді қорытындылайды.

AI фото редакторы кадрдан артық нәрселерді алып тастайды, фонның жетіспей тұрған жерін толықтырады, суретті ұлғайтады, ескі суреттерді қалпына келтіреді.

Осының бәрі кіріктірілген. Қосымша қолданбаларды жүктеу қажет емес. Өте ыңғайлы.

Қуаттылығы және заряды: барлығына жетеді

HONOR Magic 7
Фото: NUR.KZ

Процессоры Snapdragon 8 Elite, оған қоса 12 ГБ оперативті + 512 ГБ кіріктірілген жадысы бар. HONOR RAM Turbo бар, сондықтан шын мәнінде сіз 24 ГБ оперативті жадыны пайдалана аласыз.

Батареясы 5 840 мАс. Тіпті камераға түсіріп, монтаждап, ойын ойнасаң да заряды кешке дейін жетеді. Ал уақыт болмаса 100 Вт сымды зарядтау және 80 Вт сымсыз зарядтау мәселені 30-40 минут ішінде шешеді.

Оған қоса батареяның қызуы мен қорын бақылайтын HONOR E2 жаңа қоректендіру жүйесі де бар. Ол температураның ауытқуына жол бермейді, батареяны тоздырмайды.

Сонымен қатар IP68 + IP69 деңгейіндегі ылғалдан қорғау қызметі бар. Смартфонға жаңбыр да, бу да, қысыммен аққан су да қорқынышты емес. Жалпы, өзіңізбен бірге кез келген жерге алып жүре беруіңізге болады.

Қауіпсіздік және дыбыс: маңызды жағымды ұсақ-түйектер

HONOR Magic 7
Фото: NUR.KZ

3D бетті тану қызметі қараңғы уақытта да қауіпсіз. Банктік қолданбалармен жұмыс істейді.

Саусақ бедерінің сканері енді ультрадыбыстық. Тезірек, дәлірек іске қосылады және корпуста жоғарырақ орналасқан - саусақ ыңғайлы жатады.

3D дыбысты және премиум-бастары бар стереодинамиктер қанық дыбыс шығарады: фильмдер, плейлисттер және дауыстар құлаққапсыз да жақсы шығады.

AI құпия қоңыраулары айналадағы адамдардың естімеуіне көмектеседі. Көлікте және жиналыстарда ыңғайлы.

Қорытынды

HONOR Magic 7 Pro бұл жай суретке әдемі түсіретін смартфон ғана емес. Ол ойлай алады, көмектеседі, бейімделеді және өмірді жеңілдетеді.

Егер сіз камерасы мықты, зияткерлік функциялары бар, автономды және қорғанысы бар үлгіні іздеген болсаңыз бұл жай флагман емес, бұл ақылды флагман.

Оны пайдалану ыңғайлы. Нәтижесі де әсерлі. Бағасы қолжетімді.

Оның үстіне, ол түсірген суреттерді барлығына көрсеткің келіп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234654-honor-magic-7-pro-kobirek-koretin-ai-kamerasy-bar-smartfon/