jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Көбі Ресей мен ТМД елдерінде": мыңнан астам қазақстандық шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

түрме торы
Түрме торы. Көрнекі фото: JohnnyGreig / Getty Images

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат отырысында шетелде істі болып, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға бюджеттен ақша бөлінгенін айтты. Бұл туралы Aikyn басылымы жазды.

"Қазіргі таңда 1077 адам шетелде жазасын өтеп жатыр. Айтылған келісімнің негізгі талабы – біздің азаматтарымыздың өз келісімін беруі қарастырылған. Қазіргі уақытта сондай 77 өтініш бар, біз оларды қарастырып жатырмыз. Бұл шамамен 10 пайызды құрайды. Азаматтарымыздың ең көп бөлігі – РФ мен ТМД елдерінде", – деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Айтуынша, шетелде сотталғандарды елге жеткізу үшін қазынадан қаржы қарастырылған.

Еске салайық, Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Кипр арасында сотталған адамдарды беруді көздейтін заң мақұлданды. Келісімге сәйкес, сотталған адамда екі тараптың біреуінің азаматтығы болуы және сотталуына себеп болған әрекет үкімді орындау тарапының заңнамасына сәйкес қылмыс деп танылуға тиіс.

Келісімге наурыз айында Кипрдің СІМ басшысының Астанаға сапары барысында қол қойылған.

"Көбі Ресей мен ТМД елдерінде": мыңнан астам қазақстандық шетел түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.