Зектілері

Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алуға болатын сайт істемей қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дженнифер Лопес
Дженнифер Лопес. Фото: instagram.com/jlo/

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымға шыға сала, яғни, 11 сәуір сағат 11:00-ден кейін оны сататын сайт істемей қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары билет сатып алуға болатын ticketon.kz сайтының ашылмай тұрғанына шағымданып жатыр. Расында да сайтқа кірген кезде осындай хабарландыру шығады:

"Сіз кезекте тұрсыз. Күткеніңізге рахмет. Шамамен 4 сағаттан аса уақыт күтуіңіз керек. Сайтқа кірушілер саны көп болғандықтан, виртуалды кезек қолданылады, бұл бір уақытта сайтты пайдаланушылар санын шектейді. Ол сайттың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

скриншот
Билет сататын сайт. Скриншот: Ticketon

Қолданушыларға бет автоматты түрде жаңаруы үшін браузерді жаппау керегі айтылған. Ал бетті жапса, күту уақыты қайтадан артатыны байқалады.

Айта кетейік, биыл жазда Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік турнесі өтеді. Турне 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде Астана да бар. Әншінің елордадағы концерті 1 тамызда "Астана Арена" стадионында өтеді.

Мәлік Хасеновтың айтуынша, Джей Лоның Астанада өтетін концертіне 15 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін. Ал қала экономикасына, HoReCa жүйесіне 6,5 млрд теңге және концерт өткізуден 400 млн теңгеден астам салық түседі деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234979-dzhennifer-lopesting-kontsertine-bilet-satyp-aluga-bolatyn-sait-istemei-qaldy/