Зектілері

Sulpak Cinema кинокомпаниясы: "Патруль. Последний приказ" фильмі ел тарихындағы жаңа кассалық рекорд орнатты

Жарияланған күні:

ПАТРУЛЬ. Последний приказ
Сурет: Sulpak cinema

Прокаттың алғашқы күні-ақ фильм 140 миллион теңгеден астам қаражат жинап, қазақстандық кинематография тарихындағы ең мықты бастаманы көрсетті.

Бұл жай ғана фильм емес, бұл — бүкіл ел бойынша миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген 10 жылдық оқиғаның финалы. Бұл жолы "Патруль" жобасының кейіпкерлеріне жаңа әрі маңызды тапсырма жүктелген — Президенттің кортежін күзету. Қауіп-қатер мен жауапкершілік шегіне жеткенде, сұрақ туындайды: өздерінің СОҢҒЫ БҰЙРЫҒЫН орындау үшін біздің батырлар неге баруға дайын?

Фильмнің авторлары бұл бөлімді соңғысы деп атап, оны ірі кинотуынды деңгейінде жасаған: мықты актерлік құрам, жоғары деңгейдегі өндіріс, ауқымды көріністер, трюктер мен арнайы эффектілер. Дегенмен фильм өзінің шынайылығын және көрермен сүйіп қалған ерекше юморын сақтап қалған.

Кинокөрермендер
Фото: Sulpak cinema

Басты рөлдерде:

Рүстем Омаров, Медет Аманбаев, Әділжан Шомбалов, Еділ Анарбай, Айдар Каримбаев, Тамби Масаев, Дильшат Имамдунов, Бексұлтан Піләл, Ренат Мұхамбаев, Роберт Кун – харизма, талант және ерекше энергияны біріктірген нағыз жұлдызды құрам.

"Патруль" жобасы Bas Pro және НТК телеарнасының қолдауымен дүниеге келген.

Финалдық маусым мен толықметражды нұсқада Salem Entertainment өндіріс процесіне қосылып, осы үлкен тарихтың бір бөлігіне айналды.

Ауқымды әрі сапалы туындының артында кәсіби мамандардан тұратын мықты команда тұр:

  • Бас продюсерлер: Рүстем Омаров, Ақылбек Досжанов, Саида Игенбек, Игорь Цай, Қуат Садыков, Тимур Смағұлов
  • Идея және сценарий авторлары: Рүстем Омаров, Илхан Исхақбаев, Медет Аманбаев, Олжас Бекмұхамбетов
  • Қоюшы режиссер: Рүстем Омаров
  • Қоюшы оператор: Азамат Дулатов
  • Экшн-сахналар режиссері: Роберт Кун
  • Сонымен қатар бұл жобаға жанын салған ондаған маман — костюмерлерден бастап моушн-дизайнерлерге дейін — үлес қосты.
Кинокөрермендер
Фото: Sulpak cinema

Sulpak Cinema дистрибьюторы бұл рекордтық блокбастерді мақтанышпен ұсынады және қазақстандық киноға деген сенім мен сүйіспеншілігі үшін көрермендерге алғысын білдіреді.

"Патруль. Последний приказ" — бұл өткізіп алуға болмайтын финал.

Еліміздегі барлық кинотеатрда!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2235101-sulpak-cinema-kinokompaniiasy-patrul-poslednii-prikaz-filmi-el-tarihyndagy-zhanga-kassalyq-rekord-ornatty/