jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Төртінші қазақ ғарышқа сапар шегуі мүмкін": Қазақстан биыл өз зымыранын ғарышқа ұшырмақ

Байқоңырдағы зымыран
Байқоңырдағы зымыран. 2025 жылғы 8 сәуір. Фото: Joel Kowsky/NASA via Getty Images

Қазақстан биыл өз зымыранын ғарышқа ұшырмақ. Қазір ол үшін қаржы бөлініп, айлақ дайындалып жатыр. Ал алдағы 5-10 жылда төртінші қазақ ғарышқа сапар шегуі мүмкін. 12 сәуір - ғарышкерлер күні. Саланың жетістіктеріне "Астана" арнасының тілшісі тоқталды.

Байқоңырдан 73-ұзақ мерзімді экспедиция ғарышқа аттанды. Зымыран тасығыш әуеге көтерілгеннен кейін 9 минут өткен соң орбитаға шықты. Экипаж мүшелері халықаралық ғарыш стансасында 50-ге жуық ғылыми тәжірибе жүргізіп, 9 желтоқсанда жерге оралмақ.

Биыл — Байқоңыр ғарыш айлағының ресми түрде құрылғанына 70 жыл. 78 жастағы Нұртілеу Салықов бала күнінен мұндағы тіршілікке қанық. Кейіннен өзі сонда жұмысқа орналасып, көптеген ұшырылымға куә болған. Айтуынша, бұл жердің ғарыш айлағы ретінде таңдалуы тегін емес.

"Атамыз қазақ бұдан бірнеше ғасыр бұрын бұны "жер кіндік" деп атаған. Сол қазіргі жер кіндік Гагаринский старт, ұшу алаңына айналып отыр", - дейді ол.

Биыл Ұлттық ғарыш орталығында зымыран тасығыш жасау жұмысы басталады. Бұл елдің астронавтикада өзін шындап танытуына мүмкіндік береді, дейді мамандар. Отандық станциядан алғашқы ұшырылым биылға жоспарланған.

"Бізде "Ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу" деген бастама бар. Біздің ғылыми жұмысымыз 2021 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл технологияны игеруге мықты химиктер мен физиктерді жинадық. Биыл шағын метеориттік зымыран жасап, осы технологияны меңгеруді жоспарлап отырмыз", - дейді Қазақстан аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

Байқоңыр ғарыш айлағы әлемге ғылыми-техникалық прогреске, ал адамзатқа ғарышқа жол ашты. Ғарыш дәуірі бастау алған алаңнан биыл 10-ға жуық зымыран ұшыру жоспарланған. Соған сай жұлдызды қалашыққа 20 мыңға жуық турист келеді деп болжанып отыр.

"Төртінші қазақ ғарышқа сапар шегуі мүмкін": Қазақстан биыл өз зымыранын ғарышқа ұшырмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.