jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда адамдар мінген аттракцион биікте тұрып қалды: саябақ әкімшілігі пікір білдірді (видео)

аттракцион
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/100baksoff/

Алматыдағы демалыс саябағының бірінде адамдар отырған "Ромашка" аттракционы айналмай, биікте тұрып қалды. Саябақ әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде оқиға кезінде түсірілген видео жарияланды. Бейнежазба сипаттамада аттракционға мінген адамдар бірнеше минут бойы көкте тұрып қалғаны айтылған.

"Қиял әлемі" саябағының әкімшілігі жексенбі, 13 сәуірде сағат 15:08-де аттракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтағанын хабарлады. Сағат 15:16-да, яғни, 8 минуттан кейін аттракционға мінгендер төмен түсірілген.

"Аттракционда болғандардың ешқайсысы шағым түсірген жоқ. Жағдай қалыпты және толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл аттракцион тексеріліп, қауіпсіздік датчиктері ауыстырылды, содан кейін сағат 15:30-да "Ромашка" аттракционы қайта істеді. Қазір саябақ қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады саябақ өкілдері.

Полиция департаментінің өкілдері де оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Алматыда саябақтардың біріндегі карусельге қатысты оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Алматыда адамдар мінген аттракцион биікте тұрып қалды: саябақ әкімшілігі пікір білдірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.