jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда теміржол билетін сатып алу ережесі өзгереді

Пойыз
Пойыз іші. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

22 сәуірден бастап елімізде пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар" арнасы. Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет құны жолаушыларға толық қайтарылады. Бұдан былай жолаушыларға пойыз билеттері 45 күн бұрын сатылымға шығып, жөнелуіне 10 минут қалғанға дейін жалғасады.

Мүгедектерге арналған шарттар да қайта қаралды. Мамандандырылған купелерге билеттер бірінші топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған мүгедек балаларға және шұғыл медициналық жағдайдағы жолаушылар мен олардың көмекшілеріне тек касса арқылы сатылады. Басқа санаттағы мүгедектер билеттерін жолға шығуға жеті күн қалғанда сатып ала алады.

I-топтағы мүгедектігі бар адамдар мамандандырылған купелерге арналған билеттерді сатылым ашылған бойда бірден ала алады.

Сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға билет сатып алу ережелері де жаңартылып, кассалар, агенттіктер, терминалдар мен интернет арқылы жаңа талаптармен жүзеге асырылады.

"КТК" арнасының хабарлауынша, қала маңындағы пойыздарға билет сату 10 күн бұрын басталып, пойыз жөнелуіне 10 минут қалғанға дейін жалғасады. Бұған дейін сатып алу мерзімі бір күн бұрын аяқталатын.

Сонымен қатар елімізде қабылданған жаңа ереже бойынша, қауіпсіздік мақсатында бір адам купедегі төрт орынды сатып ала алатын мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы купеге билет алу тәртібі де оңтайландырылды. Енді 50 пайыз жеңілдік тек оларға ғана емес, оларды алып жүретін тұлғаларға да қарастырылады. Бұл өзгерістер әлеуметтік әділет пен қолжетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылды, дейді көлік министрлігі.

Қазақстанда теміржол билетін сатып алу ережесі өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.