jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Күлгін түсті бөртегүл
Мамырда өсетін хош иісті мамыргүл. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамырда Қазақстанда үш мереке атап өтіледі, сондықтан ел тұрғындарына қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды eGov.kz мемлекеттік порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Биыл мереке бейсенбіге сәйкес келгендіктен 1 мамырда бір ғана демалыс күні беріледі. 2 мамыр, жұма – жұмыс күні.

Елімізде 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі, ал 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Күнтізбе бойынша Отан қорғаушылар күніне орай қазақстандықтар бір күн – 7 мамыр, сәрсенбіде демалады. Ал 8 мамырда қазақстандықтар жұмыс істейді.

9 мамыр – Жеңіс күні жұмаға сәйкес келгендіктен сол күні демалыс күні болып белгіленген, одан кейінгі екі күн – 10 және 11 мамыр әдеттегідей демалыс күндері болады. Ал 12 мамыр, дүйсенбі – жұмыс күні.

Сәйкесінше, мамырда қосымша демалыс күні 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамырға беріліп отыр.

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.