jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Черногорияда ұсталған "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі қамаудан босатылды

Дина Таңсәрі
Дина Таңсәрі Фото: instagram.com/dinatansari

Желіде "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі (Динара Смайылова) Черногорияда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және ол Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін деген ақпарат тараған. Бүгін Черногория соты Дина Таңсәріні қамаудан босатқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеше, 14 сәуірде "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген.

Бүгін Черногорияның Жоғарғы соты Смаилованы босату туралы шешім қабылдады. Оны еліне қайтармайтыны туралы ақпаратты қор өкілдері хабарлады.

"Динаны босатты. Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады", - деп жазылған қордың Instagram парақшасындағы жазбада.

Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсанында қордың негізін қалаушы Дина Таңсәріге іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды.

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігі өкілдері Дина Таңсәріге "көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзуға" қатысты алты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеріліп жатқанын, оның ішінде екі алаяқтық фактісі бар екені туралы хабарлады.

Черногорияда ұсталған "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі қамаудан босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.