jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Зейнеткерлердің несиесі мен банкроттық рәсімдері жеңілдеуі мүмкін бе: премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Ақша санап отырған егде әйел
Ақша санап отырған егде әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев зейнеткерлердің несие берешектері туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қазіргі таңда банкроттық рәсімдерін жеңілдету бағытында заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұл түзетулер азаматтар мен зейнеткерлерге сотқа жүгінбей-ақ банкрот болу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.

Сонымен қатар мәжілісте қаралып жатқан жаңа заң жобасында 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген шағын несиелерге қатысты борышты реттеу талаптарын алып тастау көзделіп отыр.

Зейнетақыдан өндіріп алу мәселесіне тоқталған Үкімет өкілі, қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақыдан ұстау 50 пайыздан аспауға тиіс екенін айтты. Алайда зейнетақыны толық қорғау банктердің зейнеткерлерге несие беруін шектеуі мүмкін.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың банк шоттарындағы қаражатын өндіріп алудан қорғау шаралары бар екені атап өтілді.

Зейнеткерлердің несиесі мен банкроттық рәсімдері жеңілдеуі мүмкін бе: премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.