Күн бұлттанып, жаңбыр жауады: Қазақстан мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 17 сәуір күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,6 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 22 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236446-kun-bulttanyp-zhangbyr-zhauady-qazaqstan-megapolisterinde-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/