Зектілері

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: айыпталғандардың бірқатары бұрын сотталған

Жарияланған күні:

сот талқылауы
Видеодан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айып тағылғандардың бірқатары бұрын сотталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр. Судья сотталушылардың әрқайсысынан өзін таныстырып шығуды сұрады.

Белгілі болғандай, сотталушылардың бірқатары бұрын сотталған.

  • Сәкиев, Талғар ауданында 1998 жылы туған, орта білімді, мейрамханада әкімші, үйленбеген, бұрын 2021 жылы Қылмыстық кодекстің 381-бабымен сотталған, 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын өтеген.
  • Белғожаев 2000 жылы Талғар қаласында туған, білімі жоғары, Алматы облысы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде әдіскер, бұрын 2015 жылы 106-баппен сотты болған, бойдақ.
  • Әскентай 1990 жылы Жетісу облысы Көксу ауданында туған, білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ, 2017 жылы өзіне қатысты іс қозғалып, ол тергеумен қысқартылған.
  • Ілияс 1998 жылы Талғар қаласында туған, білімі орта, жұмыссыз, бойдақ, 2023 жылы Қылмыстық кодекстің 107-бабымен сотты болған, 2 жыл 6 ай бас бостандығы шектелген, өтелмеген.
  • Тоқтаубаев А. 2000 жылы ШҚО-да туған, білімі орта, жеке кәсіппен айналысқан, үйленген, бұрын сотты болған, 2024 жылы 7 жыл мерзімге қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы жаза тағайындалған.
  • Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы, Талғар қаласында 2000 жылы туған, орта білімді, уақытша жұмыссыз, үйленбеген, бұрын сотталмаған.
  • Тоқтаубаев Н. 1996 ШҚО-да туған, білімі орта, жеке компанияда арнайы техника операторы, үйленген, бұрын сотты болмаған.
  • Қалиахмет 1998 жылы туған, Талғар қаласында туған, білімі орта, жүргізуші, үйленген, екі балам бар, бұрын сотты болмаған.
  • Ы.Д. 2007 Талғар қаласында туған, 11-сыныпта оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236620-sherzat-bolattyng-olimine-qatysty-is-aiyptalgandardyng-birqatary-buryn-sottalganyn-aitty/