jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы әкімдігі тұрғындарды Досаевтың "қоңырауына" жауап бермеуге шақырды

телефон ұстаған әйел
Телефон ұстаған әйел. Иллюстрациялық фото: Chalongrat Chuvaree / Getty Images

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарала бастаған. Осыған байланысты қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар таралып жатыр. Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ басқа да мүмкін болатын нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалуда.

Ресми түрде хабарлаймыз: Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер", - делінген хабарламада.

Осы орайда Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері тұрғындарды мұндай хабарламаларға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, жеке деректерді таратпауға шақырады.

"Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар", - деп ескертті әкімдіктегілер.

Алматы әкімдігі тұрғындарды Досаевтың "қоңырауына" жауап бермеуге шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.