jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстан аумағына қонды

Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Иван Вагнер, сондай-ақ NASA астронавты Дональд Петтит мінген "Союз МС-26" пилотталған кемесінің қайту капсуласы Қазақстан аумағына сәтті қонды.

"Роскосмос" мәліметінше, тежеу және орбитадан шығу сәтінен кейін капсула Қазақстан даласына қонған. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясынан 20 сәуірге қараған түні аттанған. Астана уақытымен сағат 00:57-де "Союз МС-26" станциядан ажыратылып, 03:27-де тежеу маневрі орындалды. Артынша аппарат Жер атмосферасының тығыз қабатына еніп, парашютпен төмендей бастады.

Қонудан кейін іздеу-құтқару тобының мамандары жылдам әрекет етіп, капсулаға жетіп, ғарышкерлер мен астронавты сыртқа шығарды.

Айта кетейік, Қазақстан дәстүрлі түрде Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипаждар үшін қону алаңы ретінде пайдаланылады.

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстан аумағына қонды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.