jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Заңды талаптарды орындауды сұраймыз": Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб алматылықтарға үндеу жасады

Антитеррорлық оқу-жаттығу
Антитеррорлық оқу-жаттығу. Иллюстрациялық фото: Knb.gov.kz

Бүгін Алматы халықаралық әуежайының аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Осыған байланысты Терроризмге қарсы күрес жөніндегі АҚЖШ үндеу жасап, қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"21 сәуірде Майлин көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы халықаралық әуежайының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер жоқ.

Оқу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада ресми ақпарат көздерін қадағалап, жалған ақпарат таратпау керектігі айтылған.

"ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын айта кеткен жөн", - делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі АҚЖШ хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.