jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қатты жел соғады": құтқарушылар Алматы тұрғындарына көлігін ағаш астында қалдырмауды ескертті

жел
Желден сынған ағаш.: Yan Xiang/VCG via Getty Images)

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындарынан көліктерін ағаш астында қалдырмауды сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын 22 сәуірде Алматы қаласында оңтүстік-батыстан қатты жел соғатыны және найзағай болатыны туралы құлағдар етіп отыр. Олар тұрғындарға көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ ТЖД өкілдері желдің күшеюі кезінде:

  • ғимараттардан шықпауды (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
  • егер үйде болсаңыз, терезелер мен есікті мықтап жабуды, ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастауды;
  • көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысу керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ құтқарушылар билбордтар мен ағаштардың астында, құрылысы бітпеген ғимараттарда және үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайтынын, өйткені шатырлардан шифер мен басқа материалдарының құлауы мүмкін екенін айтқан.

"Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті", - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

"Қатты жел соғады": құтқарушылар Алматы тұрғындарына көлігін ағаш астында қалдырмауды ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.