jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы көшелердің бірінде қозғалыс 10 маусымға дейін ішінара шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының Бостандық ауданында 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген құбыр жаңартылады. Осыған байланысты 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар жырау бульварында қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматының Бұқар жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр жаңартылады. Жалпы ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу трассасы 200-ден астам қалалық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде аталған тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Жалпы, биыл қала бойынша 35 км жылу желілерін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54 пайызға дейін төмендетпек.

жабылатын көше сехмасы
Схема: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы көшелердің бірінде қозғалыс 10 маусымға дейін ішінара шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.