Зектілері

Талдықорғанда баланы банкоматта ток соқты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Банкоматтан ақша алып жатқан сәт
Банкоматтан ақша алу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғанда банк терминалында баланы ток соғып, саусағы күйіп қалды. Полиция мен банк оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында баланы қалай ток соққаны түсірілген видео жарияланған.

Баланың анасы банкоматта ашық сым болмағанын айтқан. Бала қазір ауруханада, оған саусағын күйік шалды деген диагноз қойылған. Баланың жағдайы тұрақты.

Бейнежазбаға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу аясында қауіпсіздік нормаларын сақтау және құрылғыны орнату ережелерінің сақталуы тексеріліп жатыр, кінәсі анықталса, олар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

Тергеу заң талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай, басқа ақпарат жария етілмейді.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп сендірді полиция департаменті өкілі

Оқиғаға қатысты банк өкілдері де пікір білдірді.

"Болған оқиғаға қатты өкінеміз, баланы емдеуге барлық қажетті көмекті көрсетеміз, оның отбасымен байланыста боламыз және оның тезірек сауығып кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бақытымызға орай, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Біздің мамандар дереу дүкенге келіп, оқиғаның себебін жан-жақты тексеріп жатыр", - деп хабарлады банк өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2238411-taldyqorganda-balany-bankomatta-tok-soqty/