jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мәдениет және ақпарат министрі Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Үкімет үйінде өткен брифингте журналистер мәдениет және ақпарат министрінен қай концертке барғысы келетінін сұрады. Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Министр ретінде бизнес өкілдері осындай іспен айналысып жатқанына қуанамын, біз оларға жан-жақты көмектесеміз. Әрине, бізде ондай қаражат жоқ (әртіс әкелуге - ред. ескертпесі). Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана барамын, өйткені оның бүкіл әлем мойындаған талантын көргім келеді. Билет сатып алдым, мен де концертке барамын", - деді Аида Балаева.

Министрдің сөзінше, Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары сияқты Дженнифер Лопестің жанкүйерлерінің арқасында да көп адам Қазақстан туралы естіп-білетін болады.

Сонымен қатар мәдениет министрі Лара Фабианның концертіне барғысы келетінін айтты.

Еске сала кетейік, атақты америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес тамыз айында Астанада концерт береді. Әншінің елордадағы концерті 1 тамызда "Астана Аренада" өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ бұған дейін "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен қандай экономикалық пайда түсетінін айтып бергенін жазғанбыз.

Мәдениет және ақпарат министрі Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.