jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Берденовтің жүргізушісі күдіктіні ұстауға көмектескен бе: Шымкент әкімінің орынбасары жауап берді

Сәрсен Құранбек
Сәрсен Құранбек. Фото: instagram.com/sarsen_kuranbek/

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгін брифингте Руслан Берденовке шабуыл жасады деген күдікті қалай ұсталғаны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәрсен Құранбек журналистердің "Күдіктіні ұстап алған Берденовтің жүргізушісі ме" деген сұрағына жауап берді.

"Берденов мырзаның жүргізушісі күдіктінің ұсталуына әсер еткен болса керек. Ол енді тергеу барысында анықталатын нәрсе, көлігімен жанап өткен болса керек және ұстауға көмектескен болуы керек. Бірақ күдіктіні полиция қызметкерлері ұстағанын айтқым келеді", - деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ брифинг барысында аталған жағдайдан кейінгі мемлекеттік қызметшілердің қауіпсіздігі мәселесі көтерілді.

"Жалпы мемлекеттік қызметші – қоғамның мүшесі, Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметші үшін арнайы күзеттің қажеті жоқ. Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік қызметшілерді күзетіп отыр десеңіздер – қателесесіздер. Олар стратегиялық объект болып саналатын мемлекеттік органның ғимаратын күзетіп отыр. Осы тұрғыда Берденов мырзаның да, менің әріптестерімнің де, өзімнің де, тіпті қала әкімінің де ешқандай күзеті жоқ екенін, халықтың арасында емін-еркін араласып, алқа-қотан бірге жүргенін өздеріңіз де көріп жүрсіздер", - деді Сәрсен Құранбек.

Берденовтің жүргізушісі күдіктіні ұстауға көмектескен бе: Шымкент әкімінің орынбасары жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.