Үсік жүріп, жел тұрады: Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

24 сәуір күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Астанада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды.
Абай облысында түнде және күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең оңтүстікте тұман. Желдің бағыты ауысып, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түсіп, солтүстік пен шығыста 3 градусқа дейін үсік болады.
Атырау облысында батыс, солтүстік және оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 15–20 м/с.
Алматы облысында күндіз орталық пен оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз батыс пен оңтүстікте желдің екпіні - 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста тұман түседі. Желдің жылдамдығы - 15–20 м/с.
Жамбыл облысы күндіз солтүстік пен таулы аудандарда найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда тұман түседі, жел екпіні - 15–20 м/с.
Жетісу облысында түнде солтүстік пен орталықта найзағай ойнайды, Алакөл көлдері маңында жел екпіні - 25 м/с дейін.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Қарағанды облысында күндіз батыс, оңтүстік және шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Қостанай облысында күндіз найзағай ойнап, түнде оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыста - 1 градус үсік.
Қызылорда облысы орталық пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында найзағай ойнап, шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Павлодар облысында түнде солтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Жел екпіні - 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні - 15–20 м/с, түнде солтүстікте 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз найзағай ойнап, жел екпіні - 15–20 м/с дейін жетеді.
Барлық өңір тұрғындарына ауа райына байланысты барынша сақ болуға және алдын ала дайындалуға кеңес беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2238723-usik-zhurip-zhel-turady-qazaqstannyng-basym-boliginde-dauyldy-eskertu-zhariialandy/