Зектілері

1 мамырдан бастап Таиландқа кіру ережесі өзгереді

Жарияланған күні:

Таиланд
Таиланд. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

1 мамырдан бастап Таиландқа кіру ережесі өзгереді, деп хабарлайды Air Astana әуекомпаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"1 мамырдан бастап Таиландтағы халықаралық әуежайларда TDAC (Thailand Digital Arrival Card) енгізіледі. Бұл – қағаз картаның орнына жүретін электронды иммиграция формасы.

Жолаушылар TDAC формасын Таиландқа кірерден 72 сағат бұрын толтыруы керек", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 1 мамырдан бастап QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ мамырдан бастап Астана мен Ақтөбе арасындағы әуе рейстері саны артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2238987-1-mamyrdan-bastap-tailandqa-kiru-erezhesi-ozgeredi/