Зектілері

Мәжіліс депутаты экс-әріптесі Руслан Берденовтің жағдайын біліп қайту үшін Шымкентке арнайы ұшып келді

Жарияланған күні:

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: instagram.com/ruslan_berdenov

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев бұрынғы әріптесі Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаты Facebook желісіндегі парақшасында бүгін таңертең Шымкент қаласының ауруханасында жатқан Руслан Берденовке арнайы ұшып келгенін айтты.

"Қазіргі жағдайы – орташа ауыр, реанимацияда. Сана-сезімі анық, сөйлесіп жатыр, жігерлі. Барша әріптестерден, достарымыздан сәлем айттым", - деп жазды депутат.

Болатбек Әлиевтің сөзінше, Шымкент өзінің сайлау округі, сондықтан бір мандатты депутат ретінде арнайы келіп, жағдаймен жергілікті жерде танысқан.

Айтуынша, 21 сәуірде әкімдік ғимараты маңында болған атыс баршаны алаңдатты.

"Бұл – аса ауыр қылмыс. Осыған байланысты ресми тергеу басталып, күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Депутат қазіргі таңда әртүрлі әңгіме тарап жатқанын, бірақ ресми нұсқа – жалғыз дұрыс бағыт екенін атап өтті.

"Мен осы округтің сайланған депутаты ретінде жағдайды жақсы білемін және тергеу барысы дұрыс жолда деп есептеймін. Русланға шын жүректен саулық тілеймін. Елге, қалаға қызмет етуді жалғастыра берсін", - деп тілектестік білдірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2239005-mazhilis-deputaty-ruslan-berdenovting-zhagdaiyn-bilip-qaitu-ushin-shymkentke-arnaiy-ushyp-keldi/