jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жолаушыларды 8 сағаттан аса күттірген отандық әуекомпания айыппұл арқалады

Жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: eggeeggjiew/Getty Images

SCAT әуекомпаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 25 ақпанында жолаушылар "Өскемен-Астана" рейсін ұзақ күткен.

"Күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуекомпания оларды қонақ үйге уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген. 

Тек кешкі сағат 22:00-ге қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті", - делінген хабарламада. 

Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойған.

Тексеру қорытындысы бойынша әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Жолаушыларды 8 сағаттан аса күттірген отандық әуекомпания айыппұл арқалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram