Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шық түскен гүл
Гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбырлы ауа райы жауын-шашынсыз күндерге ұласып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бұған дейін Қазақстанға жаңбыр әкелген циклон ел аумағынан тыс жаққа жылдам жылжи бастайды.

Оның орнын батыстан келетін антициклон басады, соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн суытады.

29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 сәуір-1 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында түнде ауа температурасы 0 градустан төмен болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2240076-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-temperaturasy-0-gradustan-tomen-bolady-dep-bolzhanyp-otyr/