jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Көшпенділер" қалашығына жол салынады

Көшпенділер қала
Фото: Алматы облысының әкімдігі

"Көшпенділер" қалашығына жол салынады. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев айтты.

"Былтыр "Көшпенділер" қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады", - деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар Бағдат Алиев былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарды айтты.

Жолаушылар тасымалы бойынша:

  • 9 маршрут бойынша 28 қоғамдық көлік қатынап жатыр. Оның екеуі былтыр сатып алынды. Биыл автобус паркі жаңа 5 көлікпен толықтырылады деп жоспарланған;
  • Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады.
Көшпенділер қалашығына жол салу
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Автокөлік жолдары:

  • Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85%-ға жетті.
  • 22 көшеде шұңқырларды жабылды, 9 көшеге жөнделді.
  • 8-10-шағынаудандар жолын күрделі жөндеу басталды.
  • Morelux демалыс орнына апаратын Речников көшесі жөндеуден өтті.
  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 700 жол белгісі қойылды, 2000-ға жуық жол белгілерінің тірегі боялды. Бұдан бөлек, 200 шаршы метр жасанды жол дөңес орнатылды.
  • 34 жаңа аялдама қойылды.

Кешенді даму жоспары аясында 16 жобаның құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

"Көшпенділер" қалашығына жол салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.