jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Бүгін Көкшетауда қар жауды

Қар
Қар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Көкшетаудағы жылы ауа райы кенет қарлы боранға ауысты, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Бүгін Көкшетауда қатты жел тұрып, арты қар аралас жауынға ұласты. Облыс орталығындағы кейбір мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша балаларын үйде қалдыруға рұқсат берілді.

Көкшетауда қатты желден Сарыарқа шағын ауданы, 15/4, Орталық шағын ауданы, 36/2 мекен жайы бойынша орналасқан бірнеше үй қирап, жабындары құлап қалды.

Көкшетаулықтар аулаларындағы беседкалар мен баннерлерді жел жұлып кеткенін айтып, шағымданды.

"Қазгидромет" РМК Ақмола филиалының жетекші синоптигі Лариса Гончарованың айтуынша, қазір Ақмола облысының аумағында белсенді Солтүстік-Батыс циклоны басым.

"Ол өзімен бірге ауа температурасының төмендеуін де әкелді. Облыстың солтүстігі мен батысында қалың қар түріндегі жауын-шашын жауады. Соның ішінде Көкшетау қаласында. Облыс аумағында екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа дейін жететін дауыл соғады", - деп хабарлады Лариса Гончарова.

Синоптиктердің болжауынша, түнде ауа температурасы 0/+5 градусқа дейін төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына әкелетін циклон аймақтан шығып, оның орнын суық антициклон басады.

"Күндіз 10-15 градусқа дейін жылы болады. Мұндай ауа райы аймақта алдағы бір-екі күнде сақталады", - деді Лариса Гончарова.

Бүгін Көкшетауда қар жауды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.