jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Рамазан Бутантаев
Рамазан Бутантаев. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына (APLO-2025) Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдерден биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.

"Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

Бірінші орын – Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

Екінші орын – Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

Үшінші орын – Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

Үшінші орын – Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

Үшінші орын – Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

Оқу-ағарту министрлігі жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды құттықтады.

Айта кетейік, Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыретті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.