jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы әуежайында жүйеден ақау шығып, рейстер кешікті

Алматы әуежайы 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер ұшып келетін аймағында қысқа мерзімді ақау салдарынан рейстер кешікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматы әуежайының ішкі рейстер ұшып келетін аймағындағы жүйеде қысқа мерзімді ақау шықты.

Осыған байланысты жолаушылар ағыны бір-бірімен араласып кетті.

"Бекітілген қауіпсіздік алгоритміне сәйкес жолаушылар екінші рет тексеруден өтті. Іс-шара жедел жүргізіліп, жалпы кестеге айтарлықтай әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр және қызметкерлер қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Алматы әуежайында жүйеден ақау шығып, рейстер кешікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.