Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты ақпарат тарады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы тұңғыш "SOS – балалар ауылдарының" түлегі Рафаэль Гасанов желіде жазба жариялап, Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Маған жазып, Сара Алпысқызының ауырып жатқаны рас па деп сұрап жатыр. Иә, өкінішке қарай, бұл рас", - деп жазды Рафаэль Гасанов Facebook парақшасында.
Сондай-ақ жазбасында ол Сара Алпысқызының елге сіңірген еңбегіне тоқталып, оны кең жүректі, мейірімді жан екенін атап өткен.
NUR.KZ тілшісі Сара Алпысқызының жағдайын білу үшін Қазақстан президенті іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласты, олар ақпаратты растамады әрі жоққа да шығармады.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда туған.
1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрып, Дариға, Динара және Әлия деген қыздарды дүниеге әкелген.
Сара Алпысқызы 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорын құрып, ұзақ уақыт бойы басқарды.
1994 жылы оның бастамасымен Қазақстанда "SOS – балалар ауылдары" халықаралық жобасы іске қосылды.
Ол қайырымдылық қызметі үшін ДДСҰ, Unity, "Құрманджан Датқа" халықаралық сыйлығын алған, сондай-ақ "Алтын жүрек" және басқа да сыйлықтардың лауреаты атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242155-sara-alpysqyzynyng-densaulygyna-qatysty-aqparat-tarady/