jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ресей қорғаныс министрлігі Тоқаевтың әкесі туралы бірегей құжатты жария етті

Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев. Фото: "Ана тілі" газеті

Ресейдің 0орғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, көпшілікке жариялады, kazinform.kz.

Кемел Тоқаев 1945 жылы қаңтарда Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

7-ші жеке гвардиялық Ломжинск ауыр танк шабуыл полкінің командирі, гвардия подполковнигі Афанасий Поваров қол қойған құжатта былай делінген:

"1945 жылы 21 қаңтарда Еглиёвец елді мекенінің солтүстік-батыс аумағында (Польшадағы Мазовецк воеводалығына қарасты) немістер түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін тайсалмай қорғап, кейін қарсы шабуылға шығып, немістерді шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне әкеле жатқанда, Тоқаевтың аяғына жарылғыш оқ тиіп, жараланды (бастапқы машинкамен терілген "…және аяғынан айырылды" деген сөйлем сызылып тасталған). Тоқаев жаралы немісті атып өлтіріп, жарасын таңып, өз танктеріне жетті".

Бұл күні неміс мергені жарылғыш оқпен Кемел Тоқаевтың балтырын жаралаған. Жауынгер Оралдың ар жағына эвакуацияланып, дәрігерлер оның аяғын кесуді ұйғарған. Алайда сол кездегі жас дәрігер — кейін әлемге әйгілі хирург атанған Гавриил Илизаров оны аман алып қалды. Осы сәтте Илизаров Кемел Тоқаевқа сүйек деформацияларын емдеуге арналған болашақ өнертабысының — бірегей құрылғысының алғашқы нобайларын қолданған.

Ресей қорғаныс министрлігі Тоқаевтың әкесі туралы бірегей құжатты жария етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.