Зектілері

Жамбыл облысында халықаралық қызғалдақ фестивалі жанжалмен аяқталды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Фестивальға келген қонақтар
Фестивальға келген қонақтар. Кадр: "КТК" арнасы

Жамбыл облысында жауқазындар фестиваліне барған жұрт қайтар жолда жаяу қалды. Шаршап-шалдыққан қонақтар ауқымды шараға шақырып алып, қайтарда тастап кеткен ұйымдастырушыларға өкпелі, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Қонақтар қызғалдақ алқабынан фестиваль аумағына дейін 10 шақырымнан аса жаяу жүрген. Арасында қарттар мен балалар да бар. Олардың айтуынша, қонақтарға арналған автобустар бірден толып, кетіп қалған.

Айдалада амалсыз қалғандар керуендетіп, елді мекенге дейін жаяу жеткен. Одан ары қалаға дейін тағы да жол тосуға тура келіпті. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар дайындалған көліктер бірнеше рейс жасағанын айтады. Өйткені өз көлігімен келген қонақтар көлігін тастап, автобусқа көптеп мінген.

Айтуларынша, дайындалған 20 автобус пен 40 "Нива" көлігіне 4 мың адам қарап қалған. Алайда бірнеше сағатта барлық қонақ жол бойына дейін жеткізілді дейді әкімдік өкілдері.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242350-ongtustik-qazaqstanda-halyqaralyq-qyzgaldaq-festivali-zhanzhalmen-aiaqtaldy-video/