jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкенттік қара күш иесі бес 120 тонналық вагонды сүйретіп, рекордтар кітабына енді (видео)

Артық Досалиев
Артық Досалиев. Кадр: "КТК" арнасы

Шымкентте вагон сүйреуден әлем рекорды жаңғыртылды. 52 жастағы спортшы Артық Досалиев 120 тонна болатын 5 вагонды шамамен 22 метр жерге сүйреп, Гиннестің рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Бұл шараны Жеңістің 80 жылдығына арнаған спортшы 120 тоннаны қозғалтуға бір жыл дайындалған. Негізгі меже 20 метрге сүйреу болған екен. Аллайда 52 жастағы қара күш иесі небәрі 2 минут 57 секундта бес вагонды 21 метр 40 сантиметр қашықтыққа тартты.

Гиннес рекордтар кітабы Халықаралық ұйымның ресми өкілдері Артық Досалиевке шара соңында арнайы сертификат табыстады. Елуді еңсерген қара күш иесі "мұнымен тоқтамаймын" деп отыр.

Пауэрлифтингтен бес дүркін әлем, сегіз дүркін Азия чемпионы вагон сүйреуден осыған дейін де үш мәрте рекорд орнатқан.

"Келесі жылы да Жеңіс күні қарсаңында 6,7,10 ,20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алдымызда тағы жүк таситын "Боинг" сүйрейміз. Ақтауға барып танкер сүйрейміз, Құдай қаласа, қолдаса. Жастарға үлгі болайын деп, мотивация берейін деп... мына жастарымызға айтарым: жасқа қарамай, 60-70 жасқа дейін спортпен айналысуға болады, ешқандай шектеу жоқ екен, спортпен айналысыңыздар, мықты болыңыздар!", - дейді рекордшы Артық Досалиев.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Шымкенттік қара күш иесі бес 120 тонналық вагонды сүйретіп, рекордтар кітабына енді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.