jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы өзгереді

Qazaq Air ұшағы
Qazaq Air ұшағы. Фото: t.me/qazaqair

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгереді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов елордада Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелінде айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Басылымның мәліметінше, 2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатыны жарияланған еді.

Жақыповтың айтуынша, бұл мәміле Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Сатып алушы ретінде SOVICO Group компаниясы белгіленді.

"Мәміленің барлық шарты орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді. Аталған стратегиялық әріптестік әуе тасымалдаушы мен саланың дамуына оң әсер етуге бағытталып қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа көкжиектерін ашып, өзара өсім мен өңірлік қатынастардың дамуына жол ашады.

Біз SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air-ді VietJet Kazakhstan жаңа бренді аясында басқару және операциялық қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Өңірдегі маршруттық желінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Енді біз ауқымдырақ және бір-бірімізге жақынырақ боламыз", - деді Нұрлан Жақыпов.

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.