Астана көгінде 70-ке жуық әскери авиация техникасы қалықтады (видео)
Жарияланған күні:

Бүгін, 7 мамырда Астанадағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа әуе күштерінің 70-ке жуық авиация техникасы қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың хабарлауынша, парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.
Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылды.
Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242800-astana-koginde-70-ke-zhuyq-askeri-aviatsiia-tehnikasy-qalyqtady-video/