jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Парадты көруге кіргізбей қойды": Астана әкімдігінің өкілдері тыл еңбеккеріне қатысты жағдайға пікір білдірді

Теңіз Изақов
Теңіз Изақов. Видеодан кадр: t.me/letterskz

Бұған дейін желіде Астанадағы әскери парадты тамашалауға келіп, қоршаудағы көрермендер отыратын жерге өте алмаған тыл еңбеккерінің видеосы тараған еді. Бүгін, 8 мамырда Астана әкімдігінің өкілдері бұл жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамырдағы шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

тыл еңбеккері
Астана қаласы әкімдігінің өкілдері тыл еңбеккерінен кешірім сұрады. Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдіктегілердің айтуынша, іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды.

"Орын санының шектеулі болғанын, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді.

Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ.

Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады", - делінген әкімдіктің ресми сайтындағы хабарламада.

Қала әкімдігі өкілдері Теңдік Изақов 9 мамырда гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылғанын атап өтті.

"Парадты көруге кіргізбей қойды": Астана әкімдігінің өкілдері тыл еңбеккеріне қатысты жағдайға пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.