jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Желіде танымал эстрадалық топ мүшелері колонияда жазасын қалай өтеп жатқаны көрсетілді (видео)

Mad Men тобының мүшелері
Mad Men тобының мүшелері. Фото: instagram.com/madmen.qpop/

Есірткі қылмысы бойынша жазасын өтеп жатқан Q-pop бағытындағы танымал қазақстандық Mad Men тобының мүшелері деректі фильм кейіпкері болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық орындаушылардың тағдыры туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қолдауымен түсірілген фильм YouTube желісіндегі 1806 MEDIA арнасында жарияланды.

"Олар бір кездері үлкен зал жинаған - қазір олар бостандыққа дейін күн санап жүр. Есірткіге қатысты қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан атышулы Mad Men эстрадалық тобының мүшелері темір тордың арғы жағынан сөйлейді.

Жоғарыдан төменге құлдырау әп-сәтте ме? Жылтыр журналдың артында көлеңкелі схема қалай өркендеді? Заңның арғы жағындағы өмір қандай", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Вейнероликте әртістер жазасын өтеп жатқан колония көрсетілген. Сонымен қатар олар қамауға алынып, үкім шығарылғаннан бері алғаш рет болған оқиға туралы айтып берді. Топтың кейбір мүшелері есірткіні өздері қолданғанын мойындады.

"Жастарға айтарым: есірткі, оған қызығушылық, тым болмаса бір-екі рет қолданып көру... осының бәрі бір реттен -ақ басталады. Арты жақсылыққа апармайды. Оңай ақша жоқ. Өз қолыңмен істегеннің бәрін кейін мойныңмен көтересің.

Жақын адамдарыңызды, отбасыңызды ойлаңыз, өйткені олардан басқа ешкім жаныңыздан табылмайды. 100, 200, 300 досым бар деп ойлайсың, бірақ олардың ешқайсысы қалмайды, саусақпен санарлығы ғана қалады.

Мен осыны түсіндім және мен сөйлесетін адамдар қатары азайды. Мұны істемес бұрын жүз рет ойланыңыздар. Есірткі кез келген жағдайда зиянды. Еш пайдасы жоқ", - деді топтың бұрынғы мүшесі Әлимұрад Ибраимов көрермендерге.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы полициясы 10 адамнан тұратын есірткі желісінің жойылғаны туралы хабарлады. Ұсталғандардың арасында қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелері де болды.

Сот үкімімен Х. есімді азамат ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету, аса ірі көлемде өткізу мақсатында психотроптық заттың аналогын заңсыз дайындау, сақтау, қылмыстық топтың құрамында аса ірі мөлшерде есірткі құралын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ұйымдасқан топтың құрамында сату мақсатында сақтау қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың үшеуіне 16 жыл, қалған қатысушыларға 15 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Желіде танымал эстрадалық топ мүшелері колонияда жазасын қалай өтеп жатқаны көрсетілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.